"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 – бабына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 – бабына сәйкес Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, гендерлік және жастар саясаты, заңдылықты сақтау және депутаттық этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (М. Әмірғалиев).
Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХІIІ сессия төрайымы | Г. Дүсіпова |
Қалалық мәслихат хатшысы | Қ. Әзмұханов |
Атырау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 137 шешіміне қосымша |
Атырау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы тізбесі
1. Атырау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 84 "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты аз қамтылған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3756 болып тіркелген, 2017 жылы 14 қаңтарда "Атырау" газетінде жарияланған).
2. Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 281 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін ақындаудың қағидасын бекіту туралы" шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3239 болып тіркелген, 2015 жылы 11 шілдеде "Атырау" газетінде жарияланған).
3. Атырау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 66 "Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 281 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін ақындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3640 болып тіркелген, 2016 жылы 26 қазанда "Атырау" газетіне жарияланған).