Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты аз қамтылған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 84 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 қаңтарда № 3756 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 137 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау қалалық мәслихатының 30.06.2017 № 137 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы қаулысына сәйкес және Атырау қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 1621 "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аз қамтылған отбасыларына берілетін әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы" қаулысын қарап, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге байланысты аз қамтылған азаматтарға 25000 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік мәселелері, гендерлік және жастар саясаты, заңдылықты сақтау және депутаттық этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (М. Әмірғалиев).

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 20 желтоқсанынан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.

      VIII сессия төрайымы Б. Шеркешбаева
      Қалалық мәслихат хатшысы Қ. Әзмұханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады