Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 20.03.2024 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 251 "Қызылқоға ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3765 болып тіркелген, 2017 жылы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі мәтінде қаулының 1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Ұйымдардағы қызметкерлердің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде Қызылқоға ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгіленсін". Орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тұрдағалиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Баженов |