"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылсын:
1) Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № ХХХVІ-4 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3429 болып тіркелген, 2016 жылы 28 қаңтарда "Қызылқоға" газетіне жарияланған);
2) Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № V-9 "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № ХХХVІ-4 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3652 болып тіркелген, 2016 жылы 24 қарашада "Қызылқоға" газетіне жарияланған).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Қызылқоға аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (К. Кумаров).
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы: | М. Сулейменов |
Мәслихат хатшысы: | Т. Бейсқали |