"Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14- бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37- бабына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы қорытындысы негізінде, Байда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байда ауылдық округінің Байда ауылының көшелеріне қосымшаға сәйкес келесі атаулар берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі: | Э. Азатов |
Байда ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы "10" мамырдағы № 29 шешіміне қосымша |
Байда ауылындағы көше атауларының тізімі:
1) № 1 көшеге - "Ыбырай Алтынсарин" есімі;
2) № 2 көшеге - "Құрманғазы" атауы;
3) № 3 көшеге - "Қаныш Сәтпаев" есімі;
4) № 4 көшеге - "Мұхтар Әуезов" есімі;
5) № 5 көшеге - "Төлеп Салықбаев" есімі;
6) № 6 көшеге - "Ғимыран Мырзағалиев" есімі.