Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Байда ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 мамырдағы № 29 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 31 мамырда № 3869 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14- бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37- бабына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы қорытындысы негізінде, Байда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байда ауылдық округінің Байда ауылының көшелеріне қосымшаға сәйкес келесі атаулар берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі: Э. Азатов

  Байда ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы "10" мамырдағы № 29 шешіміне қосымша

Байда ауылындағы көше атауларының тізімі:

      1) № 1 көшеге - "Ыбырай Алтынсарин" есімі;

      2) № 2 көшеге - "Құрманғазы" атауы;

      3) № 3 көшеге - "Қаныш Сәтпаев" есімі;

      4) № 4 көшеге - "Мұхтар Әуезов" есімі;

      5) № 5 көшеге - "Төлеп Салықбаев" есімі;

      6) № 6 көшеге - "Ғимыран Мырзағалиев" есімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады