"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14–бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37–бабына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы қорытындысы негізінде, Дыңғызыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жыланды және Ғ.Әліпов ауылдарындағы кейбір көшелерге қосымшаға сәйкес келесі атаулар берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | О. Азимов |
Дыңғызыл ауылдық округі әкімінің 2017жылғы "12"мамырдағы № 12 шешіміне қосымша |
1. Жыланды ауылындағы:
1) № 1 көшеге – "Құрманғазы" есімі
2) № 2 көшеге – "Дина Нұрпейсова" есімі
3) № 3 көшеге - "Атақоныс" атауы
4) № 4 көшеге - "Жағажай" атауы
5) № 5 көшеге - "Арна" атауы
6) № 6 көшеге - "Болашақ" атауы
7) № 7 көшеге - "Қызылжар" атауы
8) № 8 көшеге - "Ортақыр" атауы
9) № 9 көшеге - "Алмалы" атауы
10) № 10 көшеге - "Күміскөл" атауы
11) № 11көшеге-"Әлімгерей Ысмағұлов" есімі
12) № 12көшеге-"Мүтәллім Дәулетов" есімі
13) № 13көшеге-"Сайфолла Сүйінов" есімі
14) № 14көшеге-"Салауат Ханафин" есімі
15) № 15көшеге-"Серікқали Мұхтаров" есімі
16) № 16көшеге-"Сұлтан Мұхамбетқалиев" есімі
1. Ғ.Әліпов ауылындағы:
1) № 1 көшеге - "Береке" атауы
2) № 2 көшеге - "Бірлік" атауы
3) № 3 көшеге - "Кенжайлау" атауы
4) № 4 көшеге - "Жаңа құрылыс" атауы
5) № 5 көшеге - "Нұрлыжол" атауы
6) № 6 көшеге - "Тоғайлы" атауы
7) № 7 көшеге - "Қарағайлы" атауы
8) № 8 көшеге - "Ғалиден Қазбеков" есімі
9) № 9 көшеге - "Ғизат Әліпов" есімі