"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Еңбекші ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еңбекші ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 22 "Көшелерге атау беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3843 тіркелген, 2017 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
Орыс тіліндегі тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын: "О присвоении наименовании улицам".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Х. Габбасов |