Көшелерге атау беру туралы

Жаңартылған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 06 сәуірдегі № 22 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 сәуірде № 3843 болып тіркелді

      Ескерту. Тақырыбы орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің 05.06.2017 № 35 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 3 тармағына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы қортындысы негізінде Еңбекші ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қосымшаға сәйкес Еңбекші ауылдық округінің Жұмекен, Даулеткерей, Кадырка, Қошалақ ауылдарының көшелеріне көше атаулары берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Х. Габбасов

  Еңбекші ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы "6" сәуірдегі № 22 шешіміне қосымша

      1. Жұмекен ауылындағы:

      1) № 1 көшеге – "Қаделі Ысқақова" есімі;

      2) № 2 көшеге – "Қуандық Қауысов" есімі;

      3) № 3 көшеге – "Қадырбек Өмірбаев" есімі;

      4) № 4 көшеге – "Мұқат Мусаев" есімі;

      5) № 5 көшеге – "Таңат Жұмағалиев" есімі;

      6) № 6 көшеге – "Жеңіс" атауы;

      7) № 7 көшеге – "Азаттық" атауы;

      8) № 8 көшеге – "Болашақ" атауы.

      2. Даулеткерей ауылындағы:

      1) № 1 көшеге – "Дінмұхамед Қонаев" есімі;

      2) № 2 көшеге – "Теміржан Жүгінісов" есімі,

      3) № 3 көшеге – "Сұлтан Бейбарыс" есімі,

      4) № 4 көшеге – "Даңқ" атауы.

      3. Кадырка ауылындағы:

      1) № 1 көшеге – "Атамекен" атауы;

      2) № 2 көшеге – "Бауыржан Бегалиев" есімі;

      3) № 3 көшеге –"Ынтымақ" атауы;

      4) № 4 көшеге – "Астана" атауы.

      4. Қошалақ ауылындағы:

       № 1 көшеге – "Бақыт Қарабалина" есімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады