"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14–бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37–бабына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы қорытындысы негізінде, Кудряшов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес Кудряшов ауылдық округінің Кудряшов, Жаңа ауыл, Арна ауылдарының көшелеріне көше атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | С. Ертелеуов |
Кудряшов ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы "16" мамырдағы № 21 шешіміне қосымша |
1. Кудряшов ауылындағы көше атауларының тізімі:
1) № 1 көшеге – "Филипп Мазуров" есімі;
2) № 2 көшеге – "Абай" есімі;
3) № 3 көшеге – "Бейбітшілік" атауы;
4) № 4 көшеге – "Айбын" атауы;
2. Жаңа ауыл ауылындағы көше атауларының тізімі:
1) № 1 көшеге – "Сатыбай Намазалиев" есімі;
2) № 2 көшеге – "Тұнғыш" атауы;
3. Арна ауылындағы көше атауларының тізімі:
1) № 1 көшеге – "Тәуелсіздік" атауы;
2) № 2 көшеге – "Қиғаш" атауы;
3) № 3 көшеге – "Абылай хан" есімі;