Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 14.05.2018 № 132 (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 07.12.2017 № 348 қаулысымен (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген, Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14813 болып тіркелген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:
дистрибьютерлік орталықтардың асыл тұқымды жануарлардың ұрықтарын өткізу жөніндегі шығындарын, асыл тұқымды орталықтардың жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шығындарын 100 %-ға дейін өтеу;
бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге кеткен шығындарды арзандату;
2) мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға:
жылқы етін, түйе етін, сүт (бие, түйе) өндіру, ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 07.12.2017 № 348 қаулысымен (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).1-1. Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар өлшемшарттары мен талаптары: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға; мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. Қаулы 1-1 тармақпен толықтырылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 07.12.2017 № 348 қаулысымен (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).2.а"Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1)аосы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жолдануын;
2)аосы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Ж.Түймебаев |
Д.А.Сатыбалды | |
Ә.Е.Тұрғымбеков | |
Ж.Қ.Бөкенбаев | |
Б.С.Жамалов | |
Е.Ә.Садыр | |
Ұ.Сәдібеков | |
А.С.Сабитов | |
К.Н.Мендебаев |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 89 қаулысына 1-қосымша |
Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға; мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 07.12.2017 № 348 қаулысымен (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидия нормативтері, теңге |
Мал шаруашылығы | |||
1 | Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 3844 |
Қой шаруашылығы | |||
2 | Жеке қосалқы шаруашылықтарда, ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 1392 |
Балара шаруашылығы | |||
3 |
Балара ұясымен селекциялық және асыл | балара ұясы | 4110 |
Жылқы шаруашылығы | |||
4 | Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін | кило- грамм | 110 |
5 | Жылқы етін өндіру құнын арзандату | кило- грамм | 120 |
Түйе шаруашылығы | |||
6 | Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін | кило- грамм | 92 |
7 | Түйе етін өндіру құнын арзандату | кило- грамм | 109 |
Азық өндіру | |||
8 | Ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына арналған шығындар құнын арзандату | бас | 228 000 |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 89 қаулысына 2-қосымша |
Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар өлшемшарттары мен талаптары: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға; мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру
Ескерту. Қаулы 2-қосымшамен толықтырылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 07.12.2017 № 348 қаулысымен (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
Р/с№ | Субсидиялау бағыттары | Өлшемдер мен талаптар |
1. | Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру |
1. Дистрибьютерлік орталық мәртебесінің болуы. |
2. | Жеке қосалқы шаруашылықтарда, ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру |
1. Дистрибьютерлік орталық мәртебесінің болуы. |
3. |
Бал ара ұясымен селекциялық және асыл |
1. Асыл тұқымды мәртебенің болуы. |
4. | Ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына шығындар құнын арзандату |
1. Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі сиыр мен қашарлардың (2 жастан ересек) аналығы 400 бастан, орташа жылдық сауын сиыр 350 бастан, бір сиырдан орташа сауылым 5000-9000 килограмнан кем емес. |