Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 89 "Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 348 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 8 желтоқсанда № 4295 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 14 мамырдағы № 132 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 14.05.2018 № 132 (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15360 болып тіркелген, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 295 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 89 "Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4055 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 сәуірде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 28 сәуірде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының атауы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: "Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін, өлшемшарттары мен талаптарын бекіту туралы";

      1-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жылқы етін, түйе етін, сүт (бие, түйе) өндіру, ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес";

      мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар өлшемшарттары мен талаптары: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға; мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген қаулының "Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға; мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру" деген қосымшасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес "Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар өлшемшарттары мен талаптары: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға; мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру" деген 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

      4) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалдыға жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Д.А.Сатыбалды
      А.Е.Тұрғымбеков
      Б.С.Жамалов
      Е.Ә.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      Т.К.Сәрсембаев
      А.С.Сәбитов

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
07 желтоқсандағы № 348
қаулысына 1-қосымша
  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
14 сәуірдегі № 89 қаулысына
1-қосымша

Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға; мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидия нормативтері, теңге

Мал шаруашылығы

1

Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

3844

Қой шаруашылығы

2

Жеке қосалқы шаруашылықтарда, ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

1392

Балара шаруашылығы

3

Балара ұясымен селекциялық және асыл
тұқымдық жұмыс жүргізу

балара ұясы

4110

Жылқы шаруашылығы

4

Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін

кило- грамм

110

5

Жылқы етін өндіру құнын арзандату

кило- грамм

120

Түйе шаруашылығы

6

Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін

кило- грамм

92

7

Түйе етін өндіру құнын арзандату

кило- грамм

109

Азық өндіру

8

Ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына арналған шығындар құнын арзандату

бас

228 000


  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
07 желтоқсандағы № 348
қаулысына 2- қосымша
  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
14 сәуірдегі № 89 қаулысына
2- қосымша

Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар өлшемшарттары мен талаптары: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға; мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру

Р/с№

Субсидиялау бағыттары

Өлшемдер мен талаптар

1.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

1. Дистрибьютерлік орталық мәртебесінің болуы.
2. Дистрибьютерлік орталықтың лабораториясының болуы, ұрық сақтайтың дьюар ыдысының болуы.
3. Асыл тұқымды бұқаның ұрығын тарататын арнайы тасмалдау көлігінің болуы.
4. Қажетті көлемде азот шығаратын зауыттармен келісім-шарттың болуы.
5. Асыл тұқымды куәліктің болуы.

2.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда, ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

1. Дистрибьютерлік орталық мәртебесінің болуы.
2. Лабораториясының болуы.
3. Асыл тұқымды қошқарларды тасмалдайтын арнайы тасмалдау көлігінің болуы.
4. Асыл тұқымды куәліктің болуы.

3.

Бал ара ұясымен селекциялық және асыл
тұқымдық жұмыс жүргізу

1. Асыл тұқымды мәртебенің болуы.
2. Шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе араның бал ұясының бары туралы 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді.
3. Лабораторияны пайдалану жөніндегі келісім-шарт.

4.

Ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына шығындар құнын арзандату

1. Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі сиыр мен қашарлардың (2 жастан ересек) аналығы 400 бастан, орташа жылдық сауын сиыр 350 бастан, бір сиырдан орташа сауылым 5000-9000 килограмнан кем емес.
2. Малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру және ақпараттық талдамалық жүйе базасында тіркеу.
3. Ветеринариялық, ветеринариялық санитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехикалық есепті жүргізу.
4. Тиісті инфрақұрылымы, механикаландырылған сауу, көң шығару және азық тарату, автосуар мүмкіндігі мен азық цехі бар сүт кешенінің болуы.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады