"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 1 тармағының 17-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 "Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының төмендегі тізбесі бекітілсін:
жануарлардың бірнеше түріне ортақ аурулар – пироплазмоз, тейлериоз, сальмонеллез;
жылқылардың ауруы – нуталлиоз, сақау;
түйелердің ауруы – су-ауру.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 15.02.2019 № 25 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2 "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтик құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялануына жолдануын;
2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсін.
Облыс әкімі Ж.Түймебаев |
Д.А.Сатыбалды |
Ә.Е.Тұрғымбеков |
Ж.Қ.Бөкенбаев |
Б.С.Жамалов |
Е.Ә.Садыр |
Ұ.Сәдібеков |
А.С.Сәбитов |
К.Н.Мендебаев |