"Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 130 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 15 ақпандағы № 25 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 26 ақпанда № 4915 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 1-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 1 тармағының 17-3) тармақшасына және "Ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 130 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4110 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және 2017 жылғы 2 маусымда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағында:

      екінші абзацтағы "тейлериоз" деген сөзден кейін ", сальмонеллез" деген сөзбен толықтырылсын;

      үшінші абзацтағы "нутталлиоз" деген сөзден кейін ", сақау" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Түркістан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

      4) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Т. Нүкеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ж. Түймебаев
      Қ.Т. Нүкенов
      А.Е. Тұрғымбеков
      М.Н. Отарбаев
      Е.Ә. Садыр
      Т.К. Сәрсембаев
      Е.Қ. Тасжүреков
      А.С. Сәбитов
      А.Б. Тасыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады