Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 05.05.2020 № 112 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкімдігінің 16.11.2018 № 311 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14780 болып тіркелген "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 29 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Оңтүстік Қазақстан облысындағы басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға;
2) Оңтүстік Қазақстан облысындағы басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жолдануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Ж.Түймебаев |
Д.А.Сатыбалды | |
Ә.Е.Тұрғымбеков | |
Ж.Қ.Бөкенбаев | |
Б.С.Жамалов | |
Е.Ә.Садыр | |
Ұ.Сәдібеков | |
А.С.Сәбитов | |
К.Н.Мендебаев |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы "16" маусымдағы № 163 қаулысына 1-қосымша |
Түркістан облысындағы басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкімдігінің 16.11.2018 № 311 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
р/с № | Басым дақылдардың атауы |
1. | Күріш |
2. | Мақта |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы "16" маусымдағы № 163 қаулысына 2-қосымша |
Түркістан облысындағы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық - материалдық құндылықтардың құнын субсидиялар нормалары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкімдігінің 16.11.2018 № 311 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
р/с № | Басым дақылдардың атауы | 1 тоннаға арналған субсидиялар нормалары, теңге |
1. | Қайта өңдеу кәсіпорнына қайта өңдеуге тапсырылған немесе сәйкестік сертификаты бар өзінің қайта өңдеу құрылымдарына қайта өңдеуге өткізілген күрішке | 4 000 |
2. | Мақта өңдеу зауытына қайта өңдеуге тапсырылған шитті мақта | 12 000 |