Түркістан облысындағы басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 16 маусымдағы № 163 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 21 маусымда № 4128 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 5 мамырдағы № 112 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 05.05.2020 № 112 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкімдігінің 16.11.2018 № 311 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14780 болып тіркелген "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 29 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Оңтүстік Қазақстан облысындағы басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға;

      2) Оңтүстік Қазақстан облысындағы басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жолдануын;

      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсін.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Д.А.Сатыбалды
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Ж.Қ.Бөкенбаев
      Б.С.Жамалов
      Е.Ә.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      А.С.Сәбитов
      К.Н.Мендебаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы "16" маусымдағы
№ 163 қаулысына 1-қосымша

Түркістан облысындағы басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкімдігінің 16.11.2018 № 311 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

р/с №

Басым дақылдардың атауы

1.

Күріш

2.

Мақта


  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы "16" маусымдағы
№ 163 қаулысына 2-қосымша

Түркістан облысындағы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық - материалдық құндылықтардың құнын субсидиялар нормалары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкімдігінің 16.11.2018 № 311 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

р/с №

Басым дақылдардың атауы

1 тоннаға арналған субсидиялар нормалары, теңге

1.

Қайта өңдеу кәсіпорнына қайта өңдеуге тапсырылған немесе сәйкестік сертификаты бар өзінің қайта өңдеу құрылымдарына қайта өңдеуге өткізілген күрішке

4 000

2.

Мақта өңдеу зауытына қайта өңдеуге тапсырылған шитті мақта

12 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады