Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 29.05.2020 № 49/516-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 6/86-ІV "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1983-нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы "Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша облыстық бюджет қаржысы есебінен тегін қосымша берілетін дәрілік заттар тізілімі" мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
Адалимумаб | Барлық санаттар |
Адамның қалыпты иммуноглобулині | |
Долутегравир | |
Инфликсимаб | |
Нутриен стандарт | |
Тоцилизумаб | |
Урсодезоксихол қышқылы | |
Этанерцепт |
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Қ. Әбдіхалық |
Облыстық мәслихат хатшысы | Қ. Балабиев |