Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 6/86-ІV "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 13/153-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 18 шілдеде № 4163 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 49/516-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 29.05.2020 № 49/516-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 6/86-ІV "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1983-нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы "Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша облыстық бюджет қаржысы есебінен тегін қосымша берілетін дәрілік заттар тізілімі" мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

Адалимумаб

Барлық санаттар

Адамның қалыпты иммуноглобулині

Долутегравир

Инфликсимаб

Нутриен стандарт

Тоцилизумаб

Урсодезоксихол қышқылы

Этанерцепт

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Қ. Әбдіхалық
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ. Балабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады