Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 19.05.2022 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 19.05.2022 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Түркістан облысының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 19.05.2022 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Ж.Түймебаев |
Д.А.Сатыбалды | |
Ә.Е.Тұрғымбеков | |
Ж.Қ.Бөкенбаев | |
Б.С.Жамалов | |
Е.Ә.Садыр | |
Ұ.Сәдібеков | |
А.С.Сәбитов | |
К.Н.Мендебаев |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 211 қаулысына қосымша |
Түркістан облысындағы жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 19.05.2022 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Объектілердің атауы | Жер көлемі, гектар |
Мемлекеттік өңірлік табиғи парк | ||
1 | Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі | 119978,4 |
Мемлекеттік табиғат ескерткіштері | ||
2 | Боралдай | 1000 |
3 | Қошқарата | 1000 |
4 | Қошқарата өзенінің арнасы | 634 |
5 | Шұқыршақ | 10 |
6 | Тесік там | 200 |
7 | Састоғай | 30 |
8 | Бүргенді тоғай | 30 |
9 | "Сталактит" үңгірі | 0,5 |
10 | "Жесібай" Келтемашат көлі | 0,5 |
11 | Қызыл төбешік | 20 |
12 | Қошқорған палеонтологиялық табиғат ескерткіші | 0,03 |