Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң "Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін бекіту туралы" 2017 жылғы 7 тамыздағы № 211 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 19 мамырдағы № 98 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 мамырда № 28248 болып тiркелдi

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң "Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін бекіту туралы" 2017 жылғы 7 тамыздағы № 211 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4202 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Түркістан облысының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін бекіту туралы";

      көрсетілген қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Түркістан облысының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі У. Шукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Экология,

      геология және табиғи ресурстар министрлігінің

      орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі

      комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі

  Түркістан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 19 мамырдағы
№ 98 қаулысына қосымша
  Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2017 жылғы 7 тамыздағы
№ 211 қаулысына қосымша

Түркістан облысындағы жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі

Объектілердің атауы

Жер көлемі, гектар

Мемлекеттік өңірлік табиғи парк

1

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі

119978,4

Мемлекеттік табиғат ескерткіштері

2

Боралдай

1000

3

Қошқарата

1000

4

Қошқарата өзенінің арнасы

634

5

Шұқыршақ

10

6

Тесік там

200

7

Састоғай

30

8

Бүргенді тоғай

30

9

"Сталактит" үңгірі

0,5

10

"Жесібай" Келтемашат көлі

0,5

11

Қызыл төбешік

20

12

Қошқорған палеонтологиялық табиғат ескерткіші

0,03


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады