"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 14 сәуірдегі қорытындысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысының мынадай жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері:
Түркістан қаласы бойынша:
Сауран ауылдық округі - Майдантал ауылдық округі болып;
Мақтарал ауданы бойынша:
Ж.Ералиев ауылдық округінің Жданов ауылы - Бәйтерек ауылы болып;
Сарыағаш ауданы бойынша:
Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл елді мекені - Бекбота елді мекені болып;
Жүзімдік ауылдық округінің Карл Маркс елді мекені - Жүзімдік елді мекені болып;
Тегісшіл ауылдық округінің Абай елді мекені - Таскескен елді мекені болып қайта аталсын.
2. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының, Мақтарал және Сарыағаш аудандарының әкімдіктері осы бірлескен қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ж. Түймебаев |
Облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Қ. Абасов |
Облыстық мәслихат | |
хатшысы | Қ.Балабиев |
Д.А. Сатыбалды | |
Ә.Е. Тұрғымбеков | |
Т.Қ. Сәрсембаев | |
Б.С. Жамалов | |
Е.Ә. Садыр | |
Ұ. Сәдібеков | |
А.С. Сәбитов |