Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкiмдiгiнiң 27.11.2017 № 358 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Жанғазиевке жүктелсін.
3. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шыққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 372 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3905 болып тіркелген, "Шаян" газетінде 2016 жылы 14 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Танагузов |
Бәйдібек ауданы әкімдігінің 02 мамыр 2017 жылғы № 171 қаулысына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Аудан атауы | Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны (жергілікті бюджет есебінен) |
1 | Бәйдібек ауданы | 3513 |
Бәйдібек ауданы әкімдігінің 02 мамыр 2017 жылғы № 171 қаулысына 2-қосымша |
Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері
Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге | |
Балабақша | Мектеп жанындағы шағын орталық |
30381 | 14146 |
Бәйдібек ауданы әкімдігінің 02 мамыр 2017 жылғы № 171 қаулысына 3-қосымша |
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Барлығы | Күніне бір баланың тамағына шығыны, 3 жасқа дейін, теңге (көпемес) | Күніне бір баланың тамағына шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін, теңге (көпемес) |
330,79 | 398,57 |
Ескертпе: 1 күнге бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.