Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 02.05.2017 № 171 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6 бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Бәйдібек ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі: | Б.Танагузов |
Бәйдібек ауданы әкімдігінің 16 қараша 2016 жылғы № 372 қаулысына 1 қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны | Оның ішінде | |
республикалық бюджет есебінен | жергілікті бюджет есебінен | |
3413 | 1651 | 1762 |
Бәйдібек ауданы әкімдігінің 16 қараша 2016 жылғы № 372 қаулысына 2 қосымша |
Жан басына шаққандағы қаржыландырудың мөлшері
Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге | |
Балабақша | Мектеп жанындағы шағын орталық |
30381 | 14146 |
Бәйдібек ауданы әкімдігінің 16 қараша 2016 жылғы № 372 қаулысына 3 қосымша |
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Барлығы | Күніне бір баланың тамағына шығыны, 3 жасқа дейін, теңге (көп емес) | Күніне бір баланың тамағына шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін, теңге (көп емес) |
330,79 | 398,57 |
Ескертпе: 1 күнге бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.