Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 14.12.2017 № 433 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2, 3 - қосымшаларына сәйкес 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.А. Тұрсынқұловқа жүктелсін.
3. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 148 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3853 болып тіркелген, "Қазығұрт тынысы" газетінде 2016 жылы 30 қыркүйекте жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т.Т. Телғараев |
Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 88 қаулысына 1 қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны |
6220 |
Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 88 қаулысына 2 қосымша |
Жан басына шаққандағы қаржыландырудың мөлшері
Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс,теңге |
Балабақша |
26706,18 |
Шағын орталық |
9927,00 |
Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 88 қаулысына 3 қосымша |
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Барлығы | Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес) | Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес) |
309,52 | 380,95 |
Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.