"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның 31 бабының 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2, 3 – қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата - ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.А.Тұрсынқұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т.Т.Телғараев |
Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 148 қаулысына 1 қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны | Оның ішінде | |
республикалық бюджет есебінен | жергілікті бюджет есебінен | |
5790 | 5305 | 485 |
Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 148 қаулысына 2 қосымша |
Жан басына шаққандағы қаржыландырудың мөлшері
Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге |
Балабақша |
22177,00 |
Шағын орталық |
8961,33 |
Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 148 қаулысына 3 қосымша |
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Барлығы | Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес) | Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес) |
309,52 | 380,95 |