Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, ауданның ауылшаруашылығы және жер қатынастары мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысы негізінде Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауыл округі, Аққұм елді мекенінің барлығы 69,98 гектар жеріне 3,0 гектар жайылым жер қосылып, Аққұм елді мекенінің аумағы 72,98 гектарға ұлғайтылып, шекарасы өзгертілсін.
2. "Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгілеген тәртіпте:
1) осы бірлескен қаулы және шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен қаулы және шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдануын;
3) осы бірлескен қаулы және шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазығұрт ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы және шешімді Қазығұрт аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т.Телғараев |
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | С.Тургараев |
Аудандық мәслихат хатшысы | У.Копеев |