"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі қорытындысы негізінде Достық ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Достық ауылдық округіне қарасты көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) Достық ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге - ЭКСПО-2017 атауы;
2) Бескетік ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге - Астана атауы;
3) Көк су ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге - Жеңіс атауы;
4) Көк су ауылындағы Жаңа құрылыс № 2 көшесіне - Болашақ атауы;
5) Гүлстан ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшесіне - Достық атауы;
6) Хайдар ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшесіне - Ырысты атауы.
2. "Достық ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Мақтарал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мақтарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау Достық ауыдық округі әкімінің орынбасары С.Караевқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Достық ауылдық округі әкімі | Т.Абибуллаев |