Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Төлеби аудандық аумақтық инспекция басшысының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 01-13/283 шектеуді тоқтату туралы ұсынысы негізінде, Көксәйек ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Иттің құттырық ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Төлеби ауданы Көксәйек ауылдық округінің Алтынбастау елді мекенінің аумағында шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2. Төлеби ауданы Көксәйек ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 04 шілдедегі № 48 "Көксәйек ауылдық округіне қарасты Алтынбастау елді мекеніне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4174 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 тамызда "Төлеби туы" газетінде және 2017 жылғы 8 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көксәйек ауылдық округі әкімінің | |
міндетін уақытша атқарушы | А.Кабылбеков |