Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Төлеби ауданының Көксәйек ауылдық округi әкiмiнiң 25.09.2017 № 63 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Төлеби аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2017 жылғы 16 маусымдағы № 01-13/214 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Көксәйек ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көксәйек ауылдық округі Алтынбастау елді мекенінің тұрғыны К.Саховтың итінің құтырық ауруымен ауруына байланысты Алтынбастау елді мекеніне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көксәйек ауылдық | |
округі әкімі | Б. Адилбеков |