"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шардара ауданы әкімінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 13 "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 7 маусымда № 3757 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 17 маусымда "Шартарап-Шарайна" газетінде және 2016 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) және 2016 жылғы 29 қарашадағы № 28 "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 3923 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 28 желтоқсанда "Шартарап-Шарайна" газетінде және 2016 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;
2) осы шешімді Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Алиповке жүктелсін.
Аудан әкімі | Б.Кистауов |