Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 28 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 3923 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданы әкiмiнiң 2017 жылғы 5 маусымдағы № 5 шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімінің 05.06.2017 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына және Оңтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының 2016 жылғы 2 қарашадағы № 6 хатттамасы негізінде, Шардара ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Шардара су қоймасының бөгетінің 30+50 бекетінде апатты жағдайдың туындауы мүмкін болуына байланысты объектіде жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Жолдыбайға жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Т.Байтұрғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады