Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу жобасына сәйкес және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі белгіленсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М.М. Құсаинов) Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Жарма ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының | Д. Ахметов |
әкімі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы |
Ауыл шаруашылығы министрлігі |
Су ресурстары комитетінің |
Су ресурстарын пайдалануды реттеу |
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік |
инспекциясының басшысы |
______________ Р. Сүлейменов |
2017 жылғы "_10__"__наурыз___
Қазақстан Республикасы |
Ұлттық экономика министрлігі |
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің |
Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың |
құқықтарын қорғау департаментінің басшысы |
______________ Ғ. Сүлейменов |
2017 жылғы "_10_"__наурыз____
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы "7" наурыздағы № 55 қаулысына қосымша |
Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Су объектісі, оның учаскесі | Су қорғау аймағы | Соның ішінде су қорғау белдеуі | ||||
Ұзындығы, км | Ауданы, га | Ені, м | Ұзындығы, км | Ауданы,га | Ені,м | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Су арналарын бұратын канал, сол жағалау: ішкі шекара-сыртқы шекара- | 4,907 | 161,442 | 138,5-500,0 | 4,907 | 17,2994 | 35 |
Су арналарын бұратын канал, оң жағалау: ішкі шекара-сыртқы шекара- | 4,904 | 274,045 | 500,0 | 4,904 | 17,3883 | 35 |
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу жобасының картографиялық материалында көрсетілген.