Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 55 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 сәуірде № 4918 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу жобасына сәйкес және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі белгіленсін.
      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М.М. Құсаинов) Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Жарма ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Шығыс Қазақстан облысының Д. Ахметов
      әкімі

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
      инспекциясының басшысы
      ______________ Р. Сүлейменов

      2017 жылғы "_10__"__наурыз___
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаментінің басшысы
      ______________ Ғ. Сүлейменов

      2017 жылғы "_10_"__наурыз____

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2017 жылғы "7" наурыздағы
№ 55 қаулысына
қосымша

Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Соның ішінде су қорғау белдеуі

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

Ұзындығы, км

Ауданы,га

Ені,м

1
2
3
4
5
6
7
Су арналарын бұратын канал, сол жағалау: ішкі шекара-сыртқы шекара-

4,907
5,678

161,442
138,5-500,0

4,907
4,979

17,2994
35
Су арналарын бұратын канал, оң жағалау: ішкі шекара-сыртқы шекара-

4,904
6,718

274,045
500,0

4,904
5,052

17,3883
35

      
      Ескертпе:
      Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу жобасының картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады