РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының бақылаушы қызметтерiнiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тексерудi жүргiзудiң тәртiбi туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 1998 жылғы 18 наурыздағы № 16/8 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Цораев |
Шығыс Қазақстан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | В. Головатюк |