Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.01.2021 № 4 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 18-бабының 17) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 560 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2484 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 19 маусымдағы № 80-81 (15990) "Дидар", 2008 жылғы 19 маусымдағы № 92-93 (18526) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі осы қаулыға қосымшаға сәйкес 1-1 тармақпен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының | |
әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы "31" шілде № 195 қаулысына қосымша |
№ | Ескерткіштің атауы | Ескерткіштің түрі | Ескерткіштің орналасқан жері |
1 | 2 | 3 | 4 |
Абай ауданы | |||
1-1 |
Қоңыр әулие үңгірі, | археология |
Тоқтамыс батыр ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 шақырым қашықтықта, Шаған өзенінің оң жағалауында орналасқан. |