"Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 560 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 195 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 тамызда № 5160 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.01.2021 № 4 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 18-бабының 17) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 560 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2484 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 19 маусымдағы № 80-81 (15990) "Дидар", 2008 жылғы 19 маусымдағы № 92-93 (18526) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі осы қаулыға қосымшаға сәйкес 1-1 тармақпен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2017 жылғы "31" шілде
№ 195 қаулысына қосымша

Ескерткіштің атауы

Ескерткіштің түрі

Ескерткіштің орналасқан жері

1

2

3

4

Абай ауданы

1-1

Қоңыр әулие үңгірі,
біздің заманымыздың
VII-VIII ғасырлары
 

археология

Тоқтамыс батыр ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 шақырым қашықтықта, Шаған өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Географиялық координаттары:
N 49°06ʹ19,03ʺ
E 78°32ʹ04,45ʺ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады