РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 2), 4) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 194, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулыларының негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 85 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4492 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 мамырда "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 12 мамырдағы № 54 (19806) "Рудный Алтай", 2016 жылғы 13 мамырдағы № 54 (17294) "Дидар" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Жергілікті атқарушы органдар:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12717 болып тіркелген) бекітілген іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту тәртібіне сәйкес 1 және 2-қосымшаларда көзделген объектілерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында іске асыра алады;
2) қажет болған жағдайда, экономикалық орындылық мақсатында 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген заңды тұлғаларды сауда-саттық өткізбестен тарата алады деп айқындалсын".
Аталған қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге жататын облыстық коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 14 жолмен толықтырылсын:
" | 14 | "Қалқымалы өткел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | "; |
аталған қаулының 2 қосымшасына сәйкес 2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 25, 26, 27, 28 жолдармен толықтырылсын:
" | 25 | "Аягөз-Тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | ". |
26 | "Ақтоғай қанағат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | ||
27 | "Семей қаласының көпсалалы пайдалану кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | ||
28 | "Сәулет және қала құрылысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының | |
әкімі | Д. Ахметов |