"Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 85 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 174 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 тамызда № 5165 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 2), 4) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 194, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулыларының негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 85 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4492 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 мамырда "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 12 мамырдағы № 54 (19806) "Рудный Алтай", 2016 жылғы 13 мамырдағы № 54 (17294) "Дидар" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Жергілікті атқарушы органдар:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12717 болып тіркелген) бекітілген іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту тәртібіне сәйкес 1 және 2-қосымшаларда көзделген объектілерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында іске асыра алады;

      2) қажет болған жағдайда, экономикалық орындылық мақсатында 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген заңды тұлғаларды сауда-саттық өткізбестен тарата алады деп айқындалсын".

      Аталған қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге жататын облыстық коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 14 жолмен толықтырылсын:

"

14

"Қалқымалы өткел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

";

      аталған қаулының 2 қосымшасына сәйкес 2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 25, 26, 27, 28 жолдармен толықтырылсын:

"

25

"Аягөз-Тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

".

26

"Ақтоғай қанағат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

27

"Семей қаласының көпсалалы пайдалану кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

28

"Сәулет және қала құрылысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады