Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 12.04.2018 № 19/220-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы мөлшерлемелері туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/234-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2524, 2010 жылдың 1 ақпанындағы "Дидар", 2010 жылдың 2 ақпанындағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рет | Ластағыш заттардың түрлері |
1 тонна үшін төлемақы |
1 | 2 | 3 |
1. | Көмірсутектер | 44,6 |
2. | Көміртегі тотықтары | 14,6 |
3. | Метан | 0,8 |
4. | Күкірт диоксиды | 200 |
5. | Азот диоксиды | 200 |
6. | Күл | 240 |
7. | Күкіртті сутегі | 1240 |
8. | Меркаптан | 199320 |
";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Экологиялық рұқсатсыз, сондай-ақ белгіленген нормативтерден тыс қоршаған ортаға эмиссиялар үшін осы шешімде белгіленген мөлшерлемелер қолданылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | З. Қамасова |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
В. Головатюк |