РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, "Облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныстар енгізу туралы" Көкпекті аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 15-6/2 шешімі және Көкпекті ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 325 қаулысы негізінде, облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 қарашадағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктері:
Белое ауылдық округі Аққала ауылдық округі;
Белое ауылы Аққала ауылы;
Пантелеймоновка ауылы Шұбарқайың ауылы болып қайта аталсын.
2. Осы шешім мен қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | З. Қамасова |
Облыс әкімі | Д. Ахметов |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | В. Головатюк |