Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 321 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 16/191-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылы 4 қаңтарда № 5386 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, "Облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныстар енгізу туралы" Көкпекті аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 15-6/2 шешімі және Көкпекті ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 325 қаулысы негізінде, облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 қарашадағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктері:

      Белое ауылдық округі Аққала ауылдық округі;

      Белое ауылы Аққала ауылы;

      Пантелеймоновка ауылы Шұбарқайың ауылы болып қайта аталсын.

      2. Осы шешім мен қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы З. Қамасова
      Облыс әкімі Д. Ахметов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады