"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 18 қазандағы № 19/121-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 1 қарашада № 5272 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 қарашадағы № 12/71-VIII шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 09.11.2023 № 12/71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 25 сәуірде № 3267 тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы "Семей таңы", "Вести Семей" газеттерінің № 35-36 нөмірлерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының:

      2 - тармағы:

      мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электронды нысанда мемлекеттік қызметер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға;";

      1) тармақша 1-1) тармақша болып есептелсін;

      8) тармақша алып тасталсын;

      10 – тармақтың 4) тармақшасы мынадай абзацпен толықтырылсын:

      "1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталмаған тұлғаларға - 1,6 айлық есептік көрсеткіш";

      23 – тармақ алып тасталсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Қалалық мәслихат сессиясының
      төрағасы А. Әміренов
      Қалалық мәслихаттың
      Хатшысы Б. Ақжалов

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Семей от 31 марта 2014 года № 28/150-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение маслихата города Семей Восточно-Казахстанской области от 18 октября 2017 года № 19/121-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 1 ноября 2017 года № 5272. Утратило силу решением маслихата города Семей области Абай от 9 ноября 2023 года № 12/71-VIII

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Семей области Абай от 09.11.2023 № 12/71-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", маслихат города Семей РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата города Семей от 31 марта 2014 года № 28/150-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 25 апреля 2014 г. за № 3267, опубликовано в газетах "Семей таңы" и "Вести Семей" от 7 мая 2014 года № 35-36) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      пункт 2:

      дополнить подпунктом 1) следующего содержания:

      "1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее-уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан, для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;";

      подпункт 1) считать подпунктом 1-1);

      подпункт 8) исключить;

      подпункт 4) пункта 10 дополнить абзацем:

      "лицам, проработавшим (прослужившим) не менее 6 месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года, и, не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в годы Великой Отечественной войны – 1,6 месячных расчетных показателей";

      пункт 23 исключить.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      сессии городского маслихата А. Амренов
      Секретарь
      городского маслихата Б. Акжалов