Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 09.11.2023 № 12/71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 25 сәуірде № 3267 тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы "Семей таңы", "Вести Семей" газеттерінің № 35-36 нөмірлерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының:
мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электронды нысанда мемлекеттік қызметер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға;";
1) тармақша 1-1) тармақша болып есептелсін;
8) тармақша алып тасталсын;
10 – тармақтың 4) тармақшасы мынадай абзацпен толықтырылсын:
"1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталмаған тұлғаларға - 1,6 айлық есептік көрсеткіш";
23 – тармақ алып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының | |
төрағасы | А. Әміренов |
Қалалық мәслихаттың | |
Хатшысы | Б. Ақжалов |