Сот шешімімен Курчатов қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 17/124-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 желтоқсанда № 5328 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 11/77-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 10.12.2021 № 11/77-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 - бабы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Курчатов қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы А. Борисенко
      Курчатов қалалық мәслихатының
      хатшысы Г. Қарымбаева

  Курчатов қалалық
мәслихатының
2017 жылғы 30 қарашадағы
№ 17/124-VІ шешімімен
бекітілген

Сот шешімімен Курчатов қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы сот шешімімен Курчатов қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Курчатов қаласының коммуналдық меншiгіне түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

      4. Қалдықтарды басқаруды қаланың жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

      5. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

      Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде қала әкімдігі коммуналдық мүлікті басқару саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану және жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.

      7. Иесіз қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерге өнім берушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қайтадан қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Қалдықтармен қарау процессі барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность города Курчатов

Решение Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 30 ноября 2017 года № 17/124-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 11 декабря 2017 года № 5328. Утратило силу - решением Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 10 декабря 2021 года № 11/77-VII

      Сноска. Утратило силу - решением Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 10.12.2021 № 11/77-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования),
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года и подпунктом 15) пункта 1 статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Курчатовский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность города Курчатов.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


      Председатель сессии А. Борисенко
      Секретарь
      Курчатовского городского маслихата Г. Карымбаева

  Утверждены
решением Курчатовского
городского маслихата
от 30 ноября 2017 года
№ 17/124-VІ

Правила
управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность города Курчатов

1. Общие положения

      1. Настоящие правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность города Курчатов, разработаны в соответствии с Экологическим кодексом Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность города Курчатов (далее – отходы).

      2. Передача отходов в коммунальную собственность осуществляется на основании судебного решения.

      3. Управление отходами – это деятельность по оценке, учету, дальнейшему использованию, реализации, утилизации и удалению отходов.

      4. Управление отходами осуществляется местным исполнительным органом города (далее – местный исполнительный орган).

      5. Для целей управления отходами местным исполнительным органом создается комиссия из представителей заинтересованных государственных органов (далее - Комиссия).

      Органом по организации работ по управлению отходами определяется исполнительный орган, финансируемый из местного бюджета, уполномоченный акиматом города на осуществление функций в сфере управления коммунальным имуществом.

2. Порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

      6. Оценка, учет, дальнейшее использование и реализация осуществляется в соответствии с Правилами учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833.

      7. Организация работ по безопасной утилизации и удалению невостребованных отходов осуществляется местным исполнительным органом с учетом рекомендаций Комиссии в соответствии с требованиями экологического законодательства Республики Казахстан за счет средств местного бюджета.

      8. Выбор поставщика услуг по утилизации и удалению отходов осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.

      9. Рекультивация территорий, на которых были размещены отходы, после реализации, утилизации, удаления отходов производится в соответствии с требованиями земельного законодательства Республики Казахстан.

3. Заключительные положения

      10. В процессе обращения с отходами соблюдаются требования, предусмотренные экологическим законодательством Республики Казахстан.