Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 26.03.2018 № 147 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Аягөз ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2017 жылға аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Аягөз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 маусымдағы №391 "2016 жылға Аягөз ауданында мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 24 маусымда 4578 нөмірімен тіркелген, аудандық "Аягөз жаңалықтары" газетінде 2016 жылғы 23 шілдеде 34 (10507) нөмірімен жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Нукибаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Байахметов |
Аягөз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "23" маусымдағы № 438 қаулысына қосымша |
2017 жылға аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Айына бір тәрбиеленушіге жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, теңге |
Тәрбиеленушілер саны, адам |
Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалған шығынның орташа құны, теңге |
Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге | ||||||
Балабақшалар, бөбекжайлар |
Шағын орталықтар | ||||||||
Республикалық бюджет |
Жергілікті бюджет |
Республикалық бюджет |
Жергілікті бюджет |
Балабақшалар, бөбекжайлар |
Шағын орталықтар |
Балабақшалар, бөбекжайлар |
Шағын орталықтар | ||
24142 | 23534 | 9859 | 9859 | 1732 | 982 | 23930 | 9859 | 8400 |