Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 1 қарашадағы қорытындысына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Мәдениет ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Аягөз ауданы Мәдениет ауылдық округінің Мәдениет ауылындағы атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері "Шынарбек Қожасбаев" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мәдениет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қ.Әбеуовқа жүктелсін.
3. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Мәдениет ауылдық округінің әкімі | Б.Мұқашев |