Мәдениет ауылдық округінің Мәдениет ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Мәдениет ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 4877 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 1 қарашадағы қорытындысына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Мәдениет ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Аягөз ауданы Мәдениет ауылдық округінің Мәдениет ауылындағы атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері "Шынарбек Қожасбаев" есімі берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мәдениет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қ.Әбеуовқа жүктелсін.
      3. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      
      Мәдениет ауылдық округінің әкімі Б.Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады