РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27- бабына сәйкес, Беген ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Беген ауылдық округі әкімінің шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген ауылында және "Ерганат" жазғы мал жайылымы шаруа қожалығында шектеу іс- шараларын белгілеу туралы" Беген ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 1 шешімі (нормативтің құқықтық актілер тізілімінде 2016 жылғы 25 сәуірінде № 4515 тіркелген);
2) "Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген ауылында және "Ерганат" жазғы мал жайылымы шаруа қожалығында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" Беген ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 10 наурыздағы № 1 шешімі (нормативтің құқықтық актілер тізілімінде № 4937 тіркелген).
2. Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Беген ауылдық округінің әкімі | Н. Асылгожин |