"Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген ауылында және "Ерганат" жазғы мал жайылымындағы шаруа қожалығында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Беген ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 сәуірде № 4937 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі әкімінің 12.05.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 - бабына сәйкес, ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 14 қазандағы № 273 ұсынысы негізінде Беген ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. "Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген ауылында және "Ерганат" жазғы мал жайылымындағы шаруа қожалығында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" Беген ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 1 шешіміне (2016 жылғы 7 мамырдағы "Бесқарағай тынысы) аудандық газетінің № 40 санында жарияланған, нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2016 жылғы 25 сәуірінде № 4515 тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған шешімнің атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы".
      жоғарыда аталған шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Мүйізді ірі қара малдардан сарып ауруының анықталуына байланысты Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Беген ауылдық округінің әкімі Н. Асылгожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады