Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкімінің 22.06.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық инспекция басшысының 2017 жылғы 9 наурыздағы № 39 ұсынысы негізінде Глуховка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Глуховка ауылында құтырма ауруының шығуына байланысты шектеу шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глуховка ауылдық округі | |
әкімінің міндетін атқарушы | Б. Искакова |